Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІГІ

Бірлестік құрамы келесі пән мұғалімдерінен тұрады: барлығы 19 педагог, жоғары білімді,  математика пәні -7 педагог ,  физика пәні мұғалімі- 2,  информатика пәні -3 педагог , химия пәні -2 педагог , биология пәні -3 педагог,  география пәні -2 педагог .

  Избасарова Бағдат Канатовна- бірлестік жетекшісі

С а п а л ы қ     қ ұ р а м ы

Оқу жылыМұғалім саныПедагог зерттеуші%Педагог  сарапшы%Педагог модератор%Педагог%
2023-2024 19421%211%842%526%

     2023-2024 оқу жылында мұғалімдердің ішінде әр түрлі деңгейдегі байқау, олимпиадаларға қатысып, жүлделі 1,2-дәрежелі дипломмен, Алғыс хаттармен марапатталған ұстаздарымыз да бар. Олар Киякбаева Алия Сакипжановна, Сағытжанова Алтын Нұрланқызы, Жалимова Гулназ Амангельдиновна, Мырзагалиева Жибек Естерековна, Избасарова Багдат Канаткызы, Денгилбаева Айнур Усеновна, Шауленова Гулнар Салыковна, Балданова Марал Бекболатқызы, Жексенов Сакен Жузумбекович.

 «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің 31.08.2023ж. №274 бұйрығы негізінде 01.09.2023ж №319а бұйрығы шығарылып, педагогикалық  шеберхана, шебер кластар ашылды.

М.Б.Балданованың «Биология пәнін STEM технологиясы арқылы оқытудың тиімді жолдары», А.У.Денгилбаеваның «Информатика пәндерін билингвалды оқытудың тиімді жолдары»  тақырыптарында педагогикалық  шеберханалары жұмыс жасады.